+7 (7172) 444 684

05.03.2021

Тәуліктік жедел ақпарат

+7 (7172) 444 777 wp +7 771 744 47 77

Единицы машин, механизмов и автотранспорта

2 174

Лесопосадочных участков

6

Дорожно-эксплутационных пунктов

150

Дорожно-эксплутационных участков

82

Международных коридоров

6

Автодорог республиканского значения

24 386 км.

Областных филиалов

14

Еліміз бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көктемгі тасқын сулардың алдын алу мақсатында жұмыстар басталды. Осы орайда арнайы Жұмыс жоспары бекітіліп, су тасқынына қарсы жедел қимылдау комиссиялары құрылды.

Автожолдардың  су тасқыны қаупі бар 438 учаскесі ерекше бақылауға алынып, ол жердегі 53 көпір және 840 су өткізу құбырларының техникалық жағдайы пысықталды. Аталған осы жол телімдерінде қажет кезінде іске қосылатын 758 бірлік  жол-пайдалану техникасы бекітілді.

Серіктестік бас директорының 15.01.2021 жылғы бұйрығына сәйкес жасалынған жұмыс жоспары аясында, келесі шаралар қабылданды:

- тасқын судың қауіпті учаскелері мен жол құрылыстарын анықтау;

- су тасқыны қаупі бар аудандарға арналған арнайы техникаларды бекіту;

- материалдар мен жанар-жағармай қорын дайындау;

- тасқын сулардың өтуі үшін жолдың, иықтардың және жасанды құрылыстардың қар мен мұзын тазарту;

- таулы аудандардағы және асулардағы жасанды қар көшкіндерін жару жұмыстарын жүргізуге ұйымдармен келісімшарттар жасасу.

Қолда бар ақпаратты және кәсіпорынның көп жылдық тәжірибесін, сонымен қатар ауа температурасының күрт өсуі қауіпін ескере отырып, келесі су тасқыны қауіпі бар участкілер анықталды:

- қызмет көрсетілетін желінің 20 869 ш. жолының, 272 ш. тасқының қауіпі бар;

- 1 099 дана көпірдің 53-і қауіп үстінде;

- 14 443 мың дана су өткізетін құбырдың 840 бірлігі су тасқынынан зардап шеккен.

Осыған байланысты жолдарды су тасқыны кезеңіне уақтылы дайындау және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында аймақтық филиалдарда келесі материалдар дайындалды:

- 6 541 м3 тас

- 7 838 м3 құм

- 13145 м3 инертті материал

- 39760 дана. қап контейнерлері

Сонымен қатар, көлік және коммуникация министрлігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 «Республикалық автомобиль жолдарында көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес V-климаттық белдеу үшін көктемде жолдарды сақтау мақсатында (ағымдағы жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды ​​(Жезқазған облысы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары) жүк салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктері мен үлкен габаритті көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Соңғы жетінің ішінде ауа-райының қолайсыздығынан еліміздің алты өңірінде уақытша шектеулер орнатылды. Айта кетсек, ауа температурасының -35-40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты дизельді және қоғамдық көліктер үшін Ақмола мен Қостанай облыстарының бірқатар жолдарында шектеу қойылса, аталмыш көлік құралдары үшін Солтүстік-Қазакстан облысының барлық жолдарына шектеу орнатылды.

Ал еліміздің оңтүстігінде демалыс күндері қатты қар аралас боран салдарынан барлық автокөлік түрлері үшін Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында бірқатар жолдар жабылды.

Мұндай қарлы боран оңтүстік өңірлерге мүлдем тән емес болғандықтан, халықты біраз әбігерге салғаны рас. Осылайша жұмамен жексенбінің арасында қар құрсауынан 19 адам мен 8 автокөлік құтқарылып, жолаушылар Қазақавтодор Серіктестігінің жылыту пунктарына орналастырылды. Ал жексенбінің аяғына дейін боран басылып, жолшылардың жедел жұмысының нәтижесінде жолдардың барлығы ашылды. Бүгінде мамандардың хабарлауынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы шектеусіз жүзеге асырылуда.

Казгидрометтің болжауынша алдағы жетіде еліміздің оңтүстік және солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендесе, шығысында қар мен боран күтілуде. Ал батыс және орталық өңірлерде тұман мен жел күшейуінің әліде сақталмақ.

 

Жыл сайын қыс мезгілінде, жолда қиын жағдайға тап болған жүздеген жүргізушілерге жол қызметкерлері бірінші болып көмекке келеді. Жиі кездесетін жағдайлардың бірі шектеу немесе ауа райының нашарлауы туралы ескертуге қарамастан жүргізушілердің жолға шығуы, сонымен қатар жүргізушілердің қысқы жолға дайындықсыз, атап айтқанда жазғы немесе маусымдық дөңгелектермен, қосалқы дөңгелексіз, құрал-саймансыз жол жүруі олардың жолда қалып қалуының немесе жолдан шығып кетуінің негізгі себепшілері болып табылады. Тағы бір өзекті мәселе төмен минустық температура кезінде дизельді автокөліктердің жанар-жағармайының қатып қалуы.

Әдетте осындай қиын жағдайға тап болған жүргізушілердің көлік құралдарын Серіктестік өзінің арнайы техникасының көмегімен жолға қойып, ал жолаушылары жылу пункттеріне жеткізіледі.

Жолшылар үшін бұл әдеттегі жағдайға арналған, себебі ауа-райының қолайсыздығы кезінде қар құрсауы арқылы теқ қана арнайы техника өтіп, көмек қажет болған адамдарға жете алады. Серіктестік қызметкерлері жолдарды тәулік бойы патрульдеу нәтижесін қиын жағдайда қалған азаматтарды бірінші болып байқайды. Ал ауыр жүк көліктеріне келетін болсақ, оларды тек үлкен арнайы техникалар шығарып алуға қабілетті.

Осылайша, қыс басталғалы бері 100-ден астам көлік иелеріне көмек көрсетіліп, 500-ге жуық адам жылыту пункттеріне орналастырылды.

Әр жағдай туралы толығырақ Qazaqavtojol - дың Instagram, Telegram, Facebook-тегі ресми парақшаларынан оқыңыздар.

«Қазақавтожол» ЖШС-гі 24,9 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жол торабының 20,2 мың шақырымына күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді.
Серіктестіктің 14 облыстық филиалдарында 79 жол-пайдалану бөлімдері, 147 жол-пайдалану пункттері, 6 орман отырғызу учаскесі және штаттық тізімге сәйкес 3808 қызметкер жұмыс жасайды.
2020-21 жылдарға қысқы жол пайдалану дайындығына қатысты жұмыстармен және жоғарыда аталған жол пайдалану бөлімдері мен пункттері қыстық күтіп ұстау жұмыстарын толығымен жүзеге асыруда.
Атай өтсек:

1.Бүгінгі күнге 555 өндірістік қоймалар жұмыс жасауда, оның ішінде жылу қазандары-120 дана, құм қоймасы-96 дана, гараждар мен тұрақтар-206 дана және жолда қалған жолаушыларға алғашқы көмек көрсету мақсатында дайындалған жылыту пункттері-133 дана.
Сонымен қатар, қыстық мерзімге дайындалу бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес, келесі жұмыстар: откостар мен резервтердегі ағаштарды кесу (2594 шқ.), жол жиектеріндегі шөпті ору (44229 шқ.), «тайғақ жол», «жылдамдықты шектеу» және т.б. уақытша жол белгілерін дайындау мен орнатуы (4822 дана), қардан қорғау қалқан кедергілері (43640 пог.м) және аймақтардың климаттық жағдайына байланысты су өткізу құбырларын жабуы (4866 дана) толығымен аяқталды.

2. Жолдағы көктайғақты болдырмау мақсатынжа құм -54629 м3, елеу-60340 м3, тұз- 13835 тн, «Айсмикс» -230 тн және көмір дайындығы 13481 тн сатып алынып күнделікті қолданылуда.

3. Жалпы қысқы күтімге 1204 бірлік техника қарастырылған.

 

2019-2020 жылдардағы қиын қысқы кезеңді ескере отырып, Ақмола облысының Софиевка ДЭУ-94 және Павлодар облысының Шідерті ауылдарында ДЭУ-60 (қолданыстағы ДЭП негізінде) құрылуы мен өндірістік жұмыскерлер, арнайы қысқы жол техника сандарының өсуі жайлы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, Ақмола облысында жол учаскелерінде қардың көшкінін болдырмау мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді:

1. Былтыр Екатеринбург-Алматы автомомбиль жолында қармен жабылған учаскелерді ескере отырып, қолданыстағы 300 пог. метр бар стационарлық темірбетонды қоршауды келесі қарлы учаскілерге ауыстырылды, нақты әрқайсысы 150 погон метрден 1239 шқ. мен 1187 шқ-ға орантылды. Сондай-ақ, 3000 пог метр жылжымалы қардан қорғау қалқандары орнатылды.
2. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті автожолында 100-115шқ-да, ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыс аясында қосымша 7500 пог. м стационарлы темірбетонды қар ұстайтын қоршау орнатылды, сонымен қатар күтіп ұстау шеңберінде 124 шқ-ның сол жағынан 90 шқ-ның оң жағына темірбетон қоршаулар ауыстырылды. Қазіргі уақытта 15000 пог метр жылжымалы қардан қорғау қалқандары орнатылды.

 

 

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдар мен жол тосқауылдарын қардан және қар орамынан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Республикалық маңызы бар автожолдарда 1000 бірліктен аса арнайы техникамен қатар, 2500 аса қызметкер жұмыс жасайды! Олар жол жұмысшылары, механизаторлар, жүргізушілер, жол шеберлері мен т.б..

Олармен жолдарды қардан сақтау үшін пассивті қалқандар орнату, автожолдарды және оған іргелес аймақтарды қоқыстан тазалау, орнатылған жол белгілерін тазалау мен ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Аяз, қар және өзгеде ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыстар үзіліссіз жүзеге асырылады!

           

Мемлекеттің артериясы болуы тиіс жолдарды, кейбір жауапсыз жол пайдаланушылары қоқыс полигонына айналдыруда. Жолға жақын маңдағы ауыл аймақтарының тұрғындары өз аулаларының құрылыс қоқыстарын жол бойын алып келіп тастаса, мал иелері инфекция тарату қаупіне қарамастан үй жануарларының өлекселері жол маңайында шіргу тастап кететін кездер аз емес.

Оның үстіне, кейде жол қозғалысына қатысушылар көліктерінен түсуге ерінетіндері соншалық, пластикалық бөтелкелерінде дәрет жинап, оларды қолданыстағы қалдықтармен бірге көліктерінің терезелерінен лақтырып тастайдар да бар. Мұның бәрін жинайтын біздің жолшылар.

«Казақавтодор» ЖШС-нің басты міндеті – жолдаға қозғалыстың қауіпсіздігін және үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Алайда кей кездері негізгі жұмыс күнінің басым бөлігі осы қоқыстарды жинаумен өткізуге мәжбүр болады.

Біз өз кезегімізде жол қозғалысына қатысушыларды қарапайым, бірақ өмірлік маңызды шындықты есте сақтауға шақырамыз: «Тазалық тазаланатын жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде болады».

Құрметті отандастар, қоқыс қалдықтарымен күрес - бұл әлемдік экологиялық проблема! Ортақ үйімізді таза сақтағымыз келсе, алдымен өзімізден бастайық!

 

Жолда жүрген кезде азаматтық жауапкершілікті танытуларыңызды сұраймыз!

#qazaqavtojol

2020-2021 қысқы маусымы жолшылар үшін 6-қазаннан басталды. Қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстар қазір Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізіліп жатыр.

Бүгінде республикалық жолдарда арнайы техниканың 1000 аса бірлігі жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы қоспалар себіліп, жолдар қардан тазартылып жатыр. Бұдан бөлек, қар борайтын учаскелерде арнайы қоршаулар орнатылуда. Жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында осындай кедергілердің 37880 метрін орнату көзделген.
Биыл 24,8 мың шақырымды қысқы күтіммен қамту жоспарланып отыр. Соның 20,2 мың шақырымы «Қазақавтожол» ЖШС-не тиесілі. Қалған 3,9 мың шақырымына қайта жаңарту және күрделі жөндеу объектілеріндегі мердігер ұйымдар және 682 шақырымына «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясының» филиалы жауапты болмақ.


Қазір «Қазақавтожол» ЖШС-нде қысқы техниканың 1 086 бірлігі бар. Компания көктайғаққа қарсы материалдың 74%-ын әзірлеп қойған. Өндірістік қор 100%-ға дайын, яғни сақадай сай деуге болады.

1-ші қарашаға дейін 2020 жылға арналған жоспар аясындағы жұмыстардың 100% орындалды. Жұмыстар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін және үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатыны бағытталған болатын.

Атап айтқанда, «Қазақавтожол» ЖШС жолдардың 633 мыңнан астам шаршы метрінде шұңқырларды жамаса, жолдардың 141 мыңнан астам шаршы метрінде тегістеу жұмыстарын жүзеге асырды. Мұнымен қоса, ел жолдарында 20 мыңнан астам жол белгісі, 555 панно, 435 жарық диодты жол белгісі, көпірлерде қоршаулардың 3747 погонды метрі орнатылып ауыстырылды.


Бұдан бөлек, 176 автопавильон мен демалыс алаңдары жөнделіп, жолдың 5108-ден астам шаршы метрінде шулы жолсызығы орнатылды. Мамандар 3290 дана шақырым көрсеткіштерін, 34 985 дана сигналдық бағаншаларды орнатты. Сонымен қатар, жолшылар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 55 мыңнан астам пагонды метр қоршаулар (кривбрус) орнатты, жолдың 36 мыңнан астам шақырымында жол белгілерін салу жұмыстарын жүзеге асырды.

Qazaqavtojol

Қыс мезгілінде қауіпсіз және кедергісіз жол қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ жолды қардың басып қалуынан сақтау немесе қар үйінділерін болдырмау мақсатында, қар басуы қаупі жоғары аймақтарда арнайы қоршаулар (қалқандар) орнатылуда.


Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында барлығы 37 880 пагонды метр қардан қорғайтын қоршаулар (қалқандар) орнату жоспарлануда.

Серіктестіктің негізгі мақсаты республикалық маңызы бар автомбиль жолдарындағы жол қауіпсіздігін қамтамсыз ету болып табылады.

Осы мақсатта серіктестік алдағы қысқы жол пайдалану дайындығына қатысты жұмыстарды ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асыруда.

Осы бағытта қазіргі уақытта 560 өндірістік қойма толығымен дайындыққа келтірілуде, оның ішінде 121 жылу қазандары, 96 құм қоймасы, 207 гараждар мен тұрақтар, 136 жылыту пункттері дайындалуда.

Қыстың ең ауыр мәселелерінің бірі, ол көктайғақ. Табығаттың осы құбылыснан жол пайдаланушыларын қорғау мақсатында көктайғаққа қарсы 55468 м3 құм, 60340 м3 елеу (отсев), 13 824 тн тұз, 13 508 тн көмір, 4352 тн. құм мен тұздың қоспасы, 200 тн хим.реагент «Айсмикс» және жанар-жағармайдың қоры іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалуда.

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасы

Мемлекет басшының жолдауы

President

Қазақстан Республикасының

Мемлекет басшының жолдауы

Нурлы жол - путь в будущее

Уважаемые казахстанцы! Сегодня весь мир сталкивается...

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг...

Стратегия «Казахстан-2050»

В декабре 2012 года в...

Қазақстан Республикасының жол картасы